«Мессидің отандасы»: «Қайрат» аргентиналық футболшыны қатарға қосты

Бұған дейін «Қайрат» бразилиялық пен фин ойыншыларымен келісім шартқа отырған

«Қайрат» бразилиялық пен фин ойыншысынан кейін аргентиналық футболшыны да қатарға қосты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

24 жастағы оң қаптал шабуылшысы Себастьян Себальос Қазақстан чемпионымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

Бойы — 168 см, салмағы — 65 кг. Өткен маусымда боливиялық «Реал Оруро» сапында 40 матч өткізіп, 18 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Себальосқа дейін «Қайрат» Түркияның бірінші лигасындағы «Ван Спордан» бразилиялық орталық қорғаушы Лукас Африконы және финдік КуПС клубынан орталық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненді қатарға қосқан.