«Барыс» 2026 жылғы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

КХЛ-дегі келесі ойын 20 қаңтарда өтеді

Астанада өткен КХЛ матчында «Барыс» ЦСКА командасын 3:1 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 Ойын барысында Тайс Томпсон бір шайба соқса, Майкл Веккьоне дубль авторы атанды.

Бұл жеңіс «Барысқа» бес матчқа созылған жеңілістер сериясын тоқтатуға мүмкіндік берді. Дегенмен команда әлі де плей-офф аймағынан тыс тұр: 10-орын, 8-орындағы Сибирь командасынан бір ұпайға қалып келеді.

КХЛ-дегі келесі ойын 20 қаңтарда өтеді. «Барыс» Тольятти қаласында Лада командасымен кездеседі.