Алматыдағы түнгі клубта аспаз тамаққа есірткі қосып сатқан

Жеке тінту барысында ер адамнан психотроптық заттар мен өсімдік тектес есірткі құралдары табылып, айғақ ретінде тәркіленді.

Алматыдағы танымал түнгі клубтардың бірінде ас мәзіріне есірткі қосып сатқан деген күдікпен аспаз ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, арнайы жедел іс-шара барысында аталған мекеменің асхана қызметкері қолға түскен. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті есірткі саудасын тікелей өз жұмыс орнында ұйымдастырып келген.

Жеке тінту барысында ер адамнан психотроптық заттар мен өсімдік тектес есірткі құралдары табылып, айғақ ретінде тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері түнгі клубқа заңсыз заттардың қалай жеткізілгенін және ықтимал серіктестерін анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тергеу жалғасып жатыр.