«Өкініштісі, Нұрай жоқ әлемде өмір сүріп жүрмін»: 21 жасында қаза тапқан қыздың ағасы әділдік талап етті

Ағасы мұндай жағдайды ешкімге де тілемейді.

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы студент қыз Нұрай Серікбайдың туған ағасы Сұлтан әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

— Өкініштісі сол, мен әлі Нұрай жоқ әлемде өмір сүріп жатырмын. Нұрай құдды бір аспаннан түскен періштедей болып, кез келген сәтте үйге кіріп келетіндей сезіледі. Отбасымызға мұндай ауыр қайғы түседі деп ешқашан ойламаппын. Ешкімнің басынан мұндай қасірет өтпесе екен деймін. Сондықтан Нұрай қарындасымның қазасына қатысты бұл істе әділеттілікке қол жеткізуім керек. Бұл — менің Нұрай үшін жасай алатын ең кішкентай ісім, — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 11 қаңтар күні Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылған. Кейін анықталғандай, Нұрайды жаз мезгілінен бері аңдып жүрген Шымкент тұрғыны Алматыдан каникулға келген бойжеткенді сол күні артынан қуып барып, пышақтап кеткен.

 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.