Қытай коронавирус індетін қалай жеңді?
Қытай коронавирус індетін қалай жеңді?
© Сурет ғаламтордан
235
оқылды
TVC news арнасы таратқан видеода Қытайдың коронавирусты қалай ауыздықтағаны туралы айтылған. Онда тілші Бежіңде қабылданған сақтық шаралары туралы баяндап, адамдарға коронавируспен күресте кеңес береді.
"Қытай коронавирус індетін қалай жеңгенін білесіз бе? Мұнда бұл ауру тарауы тоқтады деуге болады. Мен қазір сіздерге сол туралы айтып беремін. Қытайлықтар екі ай бойы үйлерінен мүлде шыққан жоқ. Көшелерде тірі жан жүрген жоқ. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана істеп тұрды. Барлық жерде әлі күнге дейін адамдардың дене қызуын тексереді. Дүкенге, дәріханаға барсаң да, метроға кірсең де. Кез-келген қоғамдық орынға кіргенде бүгінгі күнді, аты-жөніңді, телефон нөмірің мен дене қызуыңды жазуға арналған шағын сауалнама толтыру қажет. Метроға кіретін есіктері түгелге жуық адам қызуын экрана шығаратын құрылғылармен жабдықталған. Бейжіңдегі барлық тұрғын үйлердің сырты қоршалған. Карантин кезінде екі есіктің біреуі ғана ашық. Мұнда тек осында тұратын адамдар ғана кіре алады. Адамдардың бәрі көшеде маска тағып жүреді. Егер біреу маскасын шешсе, арнайы қызметкерлерден бөлек қарапайым тұрғындар да оны қайта киюді өтінеді. Олар вируспен күресу үшін сақтық шараларына өте жауапкершілікпен қарайды. Осының арқасында олар дертті жеңіп отыр. Егер жас адам вирус жұқтырса оның иммунитеті ауруды жеңе алады. Бірақ ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеген дұрыс қой. Сондай-ақ ешкімнің вирус таратушы болғысы келмейді. Сондықтан ең кемі алдағы екі айда маскасыз көшеге шықпауға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Бұл өте маңызды, өте қажет шара. Ал қарт адамдарды үйден шығармаңыздар", – дейді тілші. https://www.youtube.com/watch?v=rJUW4blEYrI