Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына өтті

Ол америкалық Дженсон Бруксбиді ұтты

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Australian Open жарысының алғашқы айналымында сенімді жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ол америкалық Дженсон Бруксбиді (ATP №48) үш сетте — 6:4, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Келесі кезеңде Бублик Венгрия өкілі, әлемнің 55-ракеткасы Мартон Фучовичпен кездеседі. Фучович өз кезегінде аргентиналық Камило Уго Карабеллиді (ATP №49) 7:6(5), 6:1, 6:2 есебімен жеңген.