«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады.
Елдің шығысында өте қатты аяз сақталады — түнде ауа температурасы –45°C-қа дейін төмендейді. Абай облысының шығысында –40°C-қа дейін, Жетісу облысында –27°C, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында –22°C-қа дейін суық болады.
Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.