Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-латыш ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өзара сауда көлемін ұлғайту үшін шешуші маңызға ие көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Қызығушылық тудыратын түрлі бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындық білдірілді, сондай-ақ 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша, дипломаттар мазмұнды диалогты жалғастыру және екі ел арасындағы жан-жақты өзара ынтымақтастықты тереңдету ниетін растады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.