«Күйеуі де психодиспансерлік есепте»: баласын байлап, аяусыз соққан әйелдің ақыл-ойында ақау бар

Олар Жаркенттегі №4 арнайы облыстық мектеп-интернатында тәрбиеленген, ата-ана қамқорлығынсыз өскен.

Жетісу облысының Жетісу облысы Жаркент қаласында 28 жастағы әйел өз баласын байлап қойып, аяусыз соққыға жықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кейін белгілі болғандай, күдікті де, оның 30 жастағы күйеуі де психоневрологиялық диспансерлік есепте тұрған.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, ерлі-зайыптының екеуінде де жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі мен зерде бұзылысы диагнозы бар. Олар Жаркенттегі №4 арнайы облыстық мектеп-интернатында тәрбиеленген, ата-ана қамқорлығынсыз өскен.

18 қаңтар күні түнде отбасы полицияның сүйемелдеуімен Отбасын қолдау орталығына жеткізілді. 4 және 2 жастағы балалар медициналық тексеруден өтіп, қазіргі уақытта Жанұя отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Мамандардың айтуынша, балалардың бойынан қорқыныш немесе үрей байқалмаған.

Ал анасы уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Жетісу облыстық полиция департаменті анасын ата-ана құқығынан айыру мәселесі қорғаншылық органдарына ұсынылатынын мәлімдеді.

Оқиға Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ерекше бақылауына алынған.