Қытайдың Шанхай қаласында өткен 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестивалінің ашылу және жабылу рәсімдерінде өнер көрсеткен әнші Димаш Құдайберген әнсүйер қауымды таңғалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2026 жылғы 16 қаңтарда Шанхай орындаушылық өнер орталығында 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестивалінің салтанатты рәсімі өтті.
Ол өзінің “Fire” атты авторлық композициясын жаңа аранжировкада орындап, көпшіліктің назарын аударды.
Әлеуметтік желіде көрермендер Димаштың ән орындау мәнерін Eminem-мен салыстырған бейнежазбалар тарады. Бұл жолы жанкүйерлер Димашты жаңа қырынан танып, жаңа туындысы сәтті шыққанын жарыса жазып жатыр.
“Димаш әлемде ерекше жалғыз тұлға”, “Біздің Димаштың таланты таңғалдырады”, “Eminem ағылшын буыны жалғауы қатты күрделі емес рэп оқиды, ал қазақ тілінің күрделілігімен мұндай жылдамдық”, “Меніңше, ол Эминемнен де асып түсті: жылдамдығы жоғары, дауысы айқынырақ, тембрі байырақ”, “Әлемде Димашқа ешкім тең келмейді”, – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.