«Келінді құл сияқты көрмеу керек»: Роза Рымбаева әріптестеріне кеңес берді (видео)

Роза Рымбаеваның айтуынша, келін – әулеттің отанасы болатын адам.

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева келін түсіруге дайындалып жүрген Жазира Байырбековаға кеңесін берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Бейнежазбада Жазира Байырбекова Халық әртісінен ақыл-кеңес сұрағаны байқалады. Роза Рымбаева келін әулеттің отанасы болатын адам екенін айтты. Сонымен қатар ене мен келін әрдайын тату болу керегін атап өтті.

“Келінді құл сияқты көрмеу керек. Мысалы, мен 100-ге, 200-ге келмеймін. Менен кейін ізімді жалғастыратын сол ғой. Келін қызың емес, бірақ сенен кейінгі әулеттің отанасы. Мен келініммен дос сияқты сөйлесіп, ақылдасамын”,- дейді ол.

Желі қолданушылары әншінің пікіріне риза болып, қолдау білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.