Шақырту жолдаған университеттердің қатарында Ivy League құрамына кіретін Harvard University мен Brown University, сондай-ақ University of Cambridge, Stanford University, Massachusetts Institute of Technology (MIT) және әлемдік беделді рейтингтерде көш бастап тұрған өзге де алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары бар.
Оқушыға ұсынылған қаржылық қолдаудың жалпы көлемі 2 миллион АҚШ долларын құрайды. Аталған қаражат оқу шығындарын толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік береді.
Бұл жетістік әлемнің жетекші университеттерінің заманауи ұстанымын айқын аңғартады. Бүгінде олар тек үздік талапкерлерді іріктеумен шектелмей, академиялық әлеуеті жоғары мектептермен тікелей серіктестік орнатуға ерекше мән беріп отыр.