«Күліп тұрған көздің астында мұң жатуы мүмкін…»: Айнұр Тұрсынбаева әсерлі жазба жариялады (видео)

Ол әлеуметтік желідегі өмір шынайы бола бермейтінін жасырмады.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына ой салатын жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әлеуметтік желідегі өмір шынайы бола бермейтінін жасырмады. Сондықтан ондағы жылтыраған дүниеге қызықпауға шақырды.

«Бұл дүние жалған деп жатамыз.. Жалғандықтың көкесі инстаграмда..! Өліп кетсек те шынайы түрді салмаймыз ғой.. 100 селфи.. “Ойбай, бетім табақтай, ойбай, безеуім көрініп қалды” деп ең әдемі, ең өтірік фотоны фук өткіземіз. Суретке түспейтін күйеуін қинап отырғызып, қинап күлдіріп, қинап құшақтасып суретке түсетіндер бар… Айтайын дегенім, инстаграмдағы әркімнің жарқ-жұрқ еткен өміріне қызықпаңыз… Күліп тұрған көздің астында мұң жатуы мүмкін… Қымбат көйлек пен қымбат көліктің астында қаптаған қарыз жатуы мүмкін», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары шынайы жазбасы үшін алғыс айтып, қолдау білдіріп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.