Астана – Бішкек арасында әуе билетінің құны қанша?

Рейстерге эксклюзивті жеңілдік екі күнге жалғасады.

Vietjet Qazaqstan компаниясының мәліметінше, бір бағытқа билет бағасы жеңілдікті ескере отырып, 20 000 теңгеден басталады екен,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сату кезеңі: 2026 жылдың 20-21 қаңтары.

Саяхат кезеңі: 2026 жылғы 22 қаңтардан 24 қазанға дейін.

Рейстер аптасына үш рет — дүйсенбі, бейсенбі және сенбі  күндері ұшады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.