Қызылордада үш жылда 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында, әсіресе, әлеуметтік салада жақсы жаңалық көптігін айтты. Ол бұл туралы Қызылорда қаласында өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда сөз етті,  – деп хабарлады Aikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап.

«Қазір Қызылорда облысында, әсіресе, әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. 

Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі», - деді Мемлекет басшысы.