Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды

Бүгін Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Бұл туралы  Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, былтыр ел экономикасы үшін табысты жыл болды. 

«Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық. 

Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті.

Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал  жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш. 

Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды. Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты.

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады. 

Халық саны 20,5 миллионға жуықтады. 

Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. 

Ең бастысы, қоғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды, халықтың сана-сезімінде үлкен бетбұрыс жасалды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.