Түркістан облысы Қазығұрт ауданы аумағындағы Қазығұрт – Жібек Жолы тасжолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Kia маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан Haval автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.