Ұлттық құрылтай: Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

Жарлық мәтіні жарияланды.

Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақорда Жарлық мәтінін жариялады.

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі келесі азаматтар наградталды:

I дәрежелі «Барыс» орденімен

Имандосов Самұрат Жұманұлы — еңбек ардагері, Қызылорда облысы

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы — «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы;

II дәрежелі «Барыс» орденімен

Ақылбай Серік Байсейітұлы — «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, Астана қаласы

Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы — «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖШС ғылыми жетекшісі, Астана қаласы

III дәрежелі «Барыс» орденімен

Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы – «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қостанай облысы

Досжан Сәуле Мағазбекқызы – жазушы, Алматы қаласы

Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты

Сабильянов Нұртай Салихұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты

Умарова Айман Муратовна – адвокат, Алматы қаласы

Ізбасов Максим Шафихұлы – Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі;

«Парасат» орденімен

Аңсат Сәби Әбдіқадырұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы

Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты

Бикебаев Айдын Жолшыұлы – адвокат, Астана қаласы

Кенжеханұлы Рауан – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ президенті, Астана қаласы

Көшербаев Айтбай Көшербайұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы

Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы – Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты

Пономарёв Сергей Михайлович – Парламент Мәжілісінің депутаты

Сайыров Ерлан Бияхметұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты

Сатыбалды Азамат – актер, Алматы қаласы

Сахариянов Қанат Ақылбайұлы – «Media Holding «Atameken Business» ЖШС бас директоры, Астана қаласы

Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы – «Тандем» телерадиокомпаниясы» ЖШС бас директоры, Ақтөбе облысы

Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы – Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

Фазылжан Анар Мұратқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК директоры, Алматы қаласы;

«Ел бірлігі» орденімен

Дементьева Наталья Григорьевна – Парламент Мәжілісінің депутаты;

«Құрмет» орденімен

Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – «Экономикалық саясат институты» мекемесінің президенті, Астана қаласы

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы – «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы

Әскеров Эмин Халилұлы – «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының басшысы, Астана қаласы

Базартай Жандос Нұртайұлы – «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы

Борашов Раббим Байбозұлы – Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі

Жәлімбетов Қайрат Тыныштықұлы – «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ директоры, Қызылорда облысы

Қожахметова Ләззат Таймырқызы – Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

Майгелдинов Қазыбек Өмірзақұлы – «Қытай зерттеушілері қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, Астана қаласы

Сарыбай Серік Әбікенұлы – жазушы, Жетісу облысы 

Сәдуақасов Серік Тельманұлы – Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі

Тау Сырымбек – кәсіпкер, Алматы қаласы

Тұрсынқожаев Қайсар Болатбайұлы – білім мәселелері жөніндегі сарапшы, Алматы қаласы

Шаталов Никита Сергеевич – Парламент Мәжілісінің депутаты;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Матжани Нұрбек Сейілханұлы – журналист, Астана қаласы

Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы – «Хабар» телеарнасының редакторы, жүргізушісі, Қызылорда облысы;

«Шапағат» медалімен

Пак Елена Владимировна – «Ассамблея жастары» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы;

 «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін

Бақтиярұлы Мұрат – қоғам қайраткері, Қызылорда облысы

Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы, Алматы қаласы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                                                    Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 17 қаңтар

                   № 1155

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.