«Әкесінің ізбасары»: Асанәлі Әшімовтің ұлы 18 жасқа толды

Ұлына аналық ақ тілегін арнап, марқұм әкесінің арманы туралы айтты.

Әйгілі актер, марқұм Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова ұлы Асанәліні туған күнімен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол ұлына аналық ақ тілегін арнап, марқұм әкесінің арманы туралы айтты.

“Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары, кіші Асекең бүгін 18 жас – кәмелетке толды. Балапаным, өмір жасың ұзақ болсын. Алланың назарында бол, балам. Асқар тау әкең сенің жігіт болғаныңа, ат жалын тартып мінгеніңді аңсайтын… Армандарың орындалсын. Әкеңнің әруағы әрдайым қолдасын”, – деп жазды Бағдат Әшімова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.