Блогер Елдос «Колобок» ұлының бесік тойын жасады (видео)

Ол қуанышты сәттің бейнежазбасын әлеуметтік желіге жариялады.

Блогер Елдос Колобок көптен күткен ұлының бесікке салу рәсімін жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол қуанышты сәттің бейнежазбасын әлеуметтік желіге жариялады.

«Әлем баламызды бесікке салу рәсімі. Тілекші халыққа рақмет, барлығына жұғысты болсын. Алла разы болсын. Әлем Елдосұлы», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогерді қуанышымен құттықтап, отбасына бақыт тіледі.

Айта кетейік, блогер тоғыз жыл күткен ұлына ерекше есім таңдаған. Әлемге үлгілі азамат болсын деген ниетпен «Әлем» деген есім қойған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.