Қазгидромет елдегі метеорологиялық жағдайға болжам жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 21 қаңтарда он қалада ауа сапасы төмендейді.
«2026 жылғы 21 қаңтарда Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - делінген хабарламада.
Болжам бойынша, сәрсенбіде Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс бөлігінде ауа температурасы -22°С-қа дейін төмендеп, қатты аяз сақталады.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, боран болады. Ел аумағында тұман мен көктайғақ болады. Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.