"Қазгидромет" РМК бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тұман, көктайғақ: Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Шымкент, Қызылорда облысы, Алматы облысы, Алматы, Жетісу, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы.
Қатты аяз: Маңғыстау облысы (солтүстік-шығыс, -22°C дейін), Жетісу (-25…-28°C), Алматы (-25°C), Қарағанды (-35°C), Абай (-41°C дейін), Шығыс Қазақстан (-45°C дейін).
Қар, төменгі боран: Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы.
Қатты жел: 15-25 м/с дейін екпін Абай, Ақмола, Жамбыл, Ұлытау, Түркістан, Қызылорда облыстарында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.