Шымкенттегі жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласты

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Шымкентте болғанын растады.

Шымкентте жол-көлік оқиғасының соңы жаппай төбелеске ұласты. Желіде оқиға орнында түсірілген кадрлар тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Бұл бейнежазба Telegram желісіндегі Egov.press арнасында жарияланды. 

 Қаланың Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында он шақты адамның қатысы бар әдеттегі жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласқан. 

"Екі автокөлік соқтығысқаннан кейін, жанжалға үшінші көліктегілер араласқан. Нәтижесінде, екі адам ауруханаға жатқызылды; олардың бірі бірнеше жерінен пышақ жарақатын алды, ал екіншісін күшпен қала сыртына апарып тастаған, кейін оның денесі табылды", – делінген бейнежазба сипаттамасында.