Астанада саусағын сақина қысып қалған қызға құтқарушылар көмек көрсетті

Бұл туралы желіде қызу талқыланды.

Оқиға Астана қаласындағы Алматы ауданында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2007 жылы дүниеге келген қыз бала әшекейді өз бетімен шеше алмай, көмек сұрап жүгінген. Құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен ісіп кеткен саусағынан сақинаны жайлап алып тастады. Қарапайым оқиға болғанымен, осы жағдай желіде қызу талқыға түсіп, құтқарушылар көпшіліктің ықыласына бөленді.