Джеки Чан командасымен Ақтауға келді (видео)

Джеки Чанның командасы Ақтауға келіп жатқаны туралы бейнежазба жергілікті әлеуметтік желілерде тарады.

Әлеуметтік желіде Джеки Чан командасымен Ақтауға келгені туралы видео пайда болды. Облыс әкімдігі Lada.kz сайтына әлемдік жұлдыздың келу себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бейнежазбада  қаладағы қонақ үйлердің бірінде бірнеше адам тұрғаны байқалады.

Маңғыстау облыстық әкімдігі редакцияға әлемдік жұлдыздың командасы келгенін растады.

“Делегация құрамында шамамен 15-20 адам бар. Локация  тізімі әлі анықталған жоқ. Бозжыра, жағалау және басқа да ең үздік орындар қарастырылып жатыр”, - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.