Блогер, актриса Анара Батырхан TikTok стримерлерге арналған жыл сайынғы LIVE Fest фестивалінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Сонымен қатар марапаттау кешіндегі бейнежазбаны жариялады.
“Достар! Анар қыздарыңыз әлемдік TikTok Live Fest конкурсында TOP-1 алды. Бұл – жай ғана жеңіс емес, үлкен еңбектің, қолдаудың нәтижесі. Марапаттау Таиландта өтті. Ал келесі белес – Лас-Вегас. Армандар орындалады, егер сенсең және тоқтамасаң. Қазақстан алға”, – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.