Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың екінші қызы отандық фильмге шақырту алды, – деп жазды Aikyn.kz.
16 жастағы қызы Алау Қайратқызы фильмде басты рөлдердің бірін сомдамақ. Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында қызының қадамын құптайтынын айтты.
“Алаудың болашақтағы арманына қарай аз-аздап қадам жасап жүргенін өздеріңіз білесіздер. Енді міне, үлкен картинаға шақырту алды. Мұны таптырмас тәжірибе деп қабылдап отырмын. Қазір Алауды әуежайға шығарып салуға бара жатырмын, бұйырса Алматыға ұшады. Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров сынды кәсіби актерлермен бірге түседі. Алау басты рөлдердің бірінде ойнайды. Ана ретінде өте қатты қуаныштымын. Фильм осы көктемде үлкен экранға шығады”, – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.