Атырау қаласында көші-қон заңнамасын бұзған 18 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды

Заң талаптарын бұзған шетелдіктер Маңғыстау облысындағы «Тәжен-авто» өткізу пункті арқылы ел аумағынан шығарылып, оларға Қазақстанға 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.

Жыл басынан бері Атырау өңірінде Қазақстан Республикасында жүру қағидаларын бұзған 91 адам анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Заң талаптарын бұзған шетелдіктер Маңғыстау облысындағы «Тәжен-авто» өткізу пункті арқылы ел аумағынан шығарылып, оларға Қазақстанға 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.

 

Сонымен қатар көші-қон қызметі шетел азаматтары мен қабылдаушы тараптар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, заң талаптары мен елде болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін түсіндіруде.