Белгілі әртіс Дархан Мұсаев желідегі жазбасымен оқырмандарына үн қатты

Актер өз жазбасында осы уақытқа дейін қолдау көрсетіп келген жандарға ерекше ризашылығын жеткізген.

Танымал әртіс Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Актер өз жазбасында осы уақытқа дейін қолдау көрсетіп келген жандарға ерекше ризашылығын жеткізген.

Сонымен қатар өзін түсінбейтін адамдардың да бар екенін жасырмай, мұндай пікірлерді сабырмен қабылдайтынын атап өтті. Ол алдағы уақытта тың жаңалықтармен қуантуды жоспарлап отырғанын да меңзеді.

«Құрметті менің оқырмандарым, халқым, сіздерге деген құрметім ерекше. Осы уақытқа дейін мені қолдап келгендеріңізге мың алғыс. Кейбіреулер мені түсінбей жатса, оны да қабылдаймын. Бұйырса, жақсы жаңалықтармен сіздерді қуантамын деп үміттенемін. Күтіңіздер», – деп жазды актер.

Желі қолданушылары Дархан Мұсаевтың жазбасына белсенді түрде пікір қалдырды. Көпшілігі оған сәттілік тілеп, жылы лебіз білдірсе, кейбірі сыни пікірлерін де жасырмады. Дегенмен пікірлердің басым бөлігі актерге қолдау мен ақ тілектен құралған.