ҚазАвтоЖол Алматы облысында жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«24 қаңтар сағат 00:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 25-67 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы ақы алу пунктінен Қонаев қаласына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 24 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.