Астанада №506, 507 және 508 жаңа экспресс-автобус бағыттары іске қосылады

№507 маршрут «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан «Жағалау-4» тұрғын үй кешеніне дейін қатынайды. Бұл бағыт бұған дейін автобус қатынасы болмаған аумақты көлікпен қамтамасыз етеді.

№506 маршрут І. Жансүгіров көшесін «Family Village» тұрғын үй кешенімен Мәңгілік Ел даңғылы арқылы байланыстырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

№507 маршрут «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан «Жағалау-4» тұрғын үй кешеніне дейін қатынайды. Бұл бағыт бұған дейін автобус қатынасы болмаған аумақты көлікпен қамтамасыз етеді.

Ал №508 маршрут Қ. Мұхамедханов көшесінің бойымен жүріп, «Министрліктер үйі» мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін барады.

Жаңа маршруттар 25 қаңтардан бастап жұмысын бастайды. Бұл қала тұрғындарының уақытын үнемдеп, Астана ішінде қатынауды анағұрлым ыңғайлы етеді.