Бейбіт күндегі қаза: Абай облысындағы әскери бөлімде сарбаз көз жұмды

Әскерден оралуына екі ай ғана қалған жас сарбаздың денесі туған жеріне қорғасын табытпен жеткізілді.

Түркістан облысының Өргебас ауылында бір әулет қара жамылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әскерден оралуына екі ай ғана қалған жас сарбаздың денесі туған жеріне қорғасын табытпен жеткізілді.

Қаралы хабарды марқұмның анасына әскери бөлім командирі жеткізген. Отбасының айтуынша, мәйітті көруге мүмкіндік берілмеген. Қайғыдан әкесі есеңгіреп, анасы есінен танған.

Абай облысы Жаңғызтөбе кентінде орналасқан №47007 әскери бөлімнің қатардағы сарбазы Қазыбек Оспанов 2026 жылғы 23 қаңтарда қаза тапқан. Марқұмның мәйітімен бірге келген медициналық құжатта өлім себебі ретінде ошақты бас ми жарақаты көрсетілген.

Қазыбек Оспанов отбасындағы бес баланың кенжесі болған.

 

Оқиға қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырды. Әскердегі қауіпсіздік, бақылау және жауапкершілік мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты. Бұл жағдайға қатысты жазбаны журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жариялап, бейбіт уақытта әскердегі өлім-жітімнің себептері мен алдын алу тетіктеріне назар аударуға шақырды.