Алматыда бес турист тауға шығып, өздігінен түсе алмаған

Оқиға Көкжайлауда болды

Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданы, Көкжайлау ауданында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таңертең тауға шығып, өздігінен түсе алмаған бес турист тобына көмек көрсетті.

Түсу барысында туристің біреуі құлап, басынан жарақат алды. Құтқарушылар топты таудан түсіріп, зардап шеккендерді Апаттар медицинасы орталығының автокөлігіне алып барды.

АМО дәрігерлері зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны одан әрі тексеру және емдеу үшін медициналық мекемеге жеткізді, - деп жазылған реми хабарламада