Қазақстанда Нипах вирусы тіркелген жоқ – Денсаулық сақтау министрлігі

Елімізде Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелмеген.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік Үндістан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылатынын жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.