Геннадий Головкин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

Ресми кездесу барысында тараптар олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әріптестік аясын кеңейту мәселелерін талқылады.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласында World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкинді қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ресми кездесу барысында тараптар олимпиадалық боксты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әріптестік аясын кеңейту мәселелерін талқылады.

Геннадий Головкин Өзбекстанның әлемдік бокстағы стратегиялық маңызына ерекше тоқталып, елдің Азия аймағында боксты дамытуға белсенді үлес қосып келе жатқанын, сондай-ақ әлемдік және құрлықтық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырудағы тәжірибесін атап өтті.

Кездесу кезінде тараптар ортақ жобаларды іске асырудың негізгі бағыттарын, спорт нысандарын дамыту мәселесін және құрлық көлемінде олимпиадалық қозғалыс аясындағы өзара ынтымақтастықты жүйелеу жолдарын талқылады.

World Boxing федерациясының басшысы жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, халықаралық ұйымның Өзбекстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып, өңірде боксты дамытуға бағытталған ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Ташкент қаласында жұмыс сапарымен жүр. Бұған дейін ол Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясының отырысына қатысқан болатын.