«Ішіп алып ұрған»: Құндыз бен Назгүлді асырап алған әйелдің балаларды азаптаған видеосы тарады

Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

17 жыл бойы құлдықта болған Құндыздың қол-аяғы байлаулы күйде түсірілген суреті әлеуметтік желіде таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін журналист Руслан Өтепбай оқиғаның мән-жайын анықтады. Ол Құндыз бен оның әпкесі Назгүлдің заңды қамқоршысы Зүлфия Төленованың басқа да  балаларды ұрып-соққан бейнежазбаны жариялады. 

Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

«Бәрі белгілі болды. Қиналып жүрген тек Құндыз бен Назгүл ғана емес екен. Желтоқсан айының 29-ы күні Зүлфия Төленованың үстінен ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар -асыранды балалары. Балалардың айтуынша, Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген. Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады. Бұл істі  Жамбыл облысының Полиция департаменті соңына дейін жеткізеді деп сенім білдіреміз», - деп жазды Руслан Өтепбай.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.