Фракцияға жаңа жетекші сайланды

Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракция­сының отырысы өтті.

Басқосуға «AMANAT» партиясы Шымкент қала­лық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасарлары Ербол Бай­қо­нысов пен Талғат Балтабаев, сондай-ақ фракция мүшелері қатыс­ты. Бірқатар мәслихат депутаты жиынға онлайн форматта қосылды.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес фрак­ция жетекшісін сайлау мәселесі қаралды. Бұл бойынша сөз алған Мұрат Жолдыхожаев фракцияның жаңа жетекшісі ретінде Талғат Балтабаевтың кандидатурасын ұсынды. Ұсыныс фракция мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау тауып, ашық дауыс беру арқылы қабылданды.

Мұрат Жолдыхожаев өз сөзінде бұл ше­шімнің партияның орталық аппараты­мен келісіліп, жан-жақты сараланғанын атап өтті.

«Фракция жұмысы – партия саясатын жергілікті деңгейде нақты іске асыратын маңызды алаң. Сондықтан жетекшінің тәжірибесі мен жауапкершілігі шешуші рөл атқарады. Талғат Балтабаевтың бұл міндетті абыроймен атқаратынына сеніміміз мол. Алдағы жұмысына сәттілік тілеймін», – деді ол.

Өз кезегінде фракцияның жаңа жетекшісі Талғат Балтабаев көрсетілген сенім үшін партия басшылығына және әріптестеріне алғысын білдірді.

«Бұған дейін фракция жетекшісінің орынбасары ретінде жинаған тәжірибемді енді жаңа қызметте толық пайдалануға да­йынмын. Алдымызда тұрған басты мін­дет – сайлауалды бағдарламаның орын­далуын қатаң бақылау, тұрғындардың мә­селесін дер кезінде көтеріп, нақты шешім­дерге қол жеткізу», – деді Талғат Балтабаев.

Сондай-ақ жиын барысында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев мәслихат депутаты, фракция мүшесі Алия Юсупованы партия Төрағасы Ерлан Қошановтың аты­нан «Белсенді қызметі үшін» төсбелгі­сімен ма­рапаттады. Бұл марапат депутаттың қо­ғам­дық-саяси қызметтегі белсенділігі мен пар­­тия жұмысына қосқан үлесі үшін табысталды.

Фракция отырысында алдағы кезеңге арналған жұмыс басымдықтары мен партиялық бақылауды күшейту мәселелері де назарға алынды.

Елнар ЕЛТАЙ