Құртқа сұраныс артып тұр
Құртқа сұраныс артып тұр
1,068
оқылды
«Ас – адамның арқауы» дейміз. Қазақ халқында ұлт­тық тағамның бірі құрттың алар орны ерекше. Қыс­та да, жазда да дәмін бұз­бай, сол күйі сақ­та­латын құрт же­сең – тағам, шөл­­­­десең – су­сын. Елі­­міздің ба­­­сы­на күн ту­ған нәу­бет ке­зін­де бар­­­мақ­­тай құрт та­лай адам­ға тал­ғажу бол­ған. Ал аға­ла­ры­­мыз жай­­­лауда мал бақ­қан­да қал­та­сы­на құрт са­лып жүр­ген. Шүкір, талай ға­сыр өт­се де құрт та­ғамы өзінің маңы­­­­зын жой­ған емес. Тек заман­­ның ағы­мына орай на­рық­­қа бейім­делген саудагер­лер құрт құрамын әртүрлі қоспа­лармен құртып жіберді. Бү­гінде ұн және күріштің талқаны ара­ласты­ры­лып, құрамы мүлдем өзгерген, түрлі қалыппен жасалынған бұл өнімді базар сөрелерінен кездестіруге болады. Кө­лемі көбейіп, салмағы ауыр­лап шыға келетін құрттан түсетін ақша да мол болаты­нын біледі олар. Тіпті, қазір сатушылар «та­за қолдың құрты ма?» деген сұрауға үй­реніп те қалды. Иә, қара қазанда қайнап, ана­лардың алақанында айналып, кепкен құртқа не жетсін! Кезінде құрттың жасалуын көзімізбен көріп өскендіктен өзіміз де таң­дап, сұрап сатып аламыз. Қоспасы бар-жоғын дереу айырамыз. Сон­дықтан болса керек, базардағы Алтынай апа бізді көргеннен сөренің астына тыққан қапшық­тағы құртты шығара бастайды. Апайдың айтуынша, бұл біз сияқ­ты кірпияз және арнайы іздеп келетін тұрақты клиенттеріне  арналған ауылдан келген өнім. Құны сөресінде сатып отырған қос­палы құртынан әлдеқайда қым­бат. Соған қарамастан сұра­ныс жоғары. Демек, әлі күнге дейін құрт өзінің орнын, деңгейін төмендеткен жоқ. Қайта қазақтың ұлттық тағамы, құрамы дәруменге бай құрттың құны артты десек те болады. Себебі қазір супермаркеттің сүт өнімдері бөлімінен құрттың түр-түрін кездестіресіз. Бүгінгі таңда сүт өнімдерін өндіретін кә­сіпорындар тағамның осы түріне ерекше ден қойды. Осыдан-ақ сұраныстың мол екенін аңғаруға болады. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 100-ге тарта кәсіпкерлік нысаны сүт өнімдерін шығару­мен айна­лы­сады. Олар­­дың басым бөлігі соңғы жылдары өн­ді­рісіне құртты қосқан. Мәселен,  еш қос­пасыз табиғи сүт өнім­дерін өндіретін  «Бөрте Милка»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің май­лылығы 12 пайыз­ды құрайтын құрт өні­мін жұрт іздеп жүріп алады. Ком­па­ния ақшадан гөрі сапаны алдың­ғы орынға қойғандықтан  клиенттерін жоғалтып алудан қорықпайды. Бү­гінде сақталу мерзімі бар-жо­ғы 3-4 күн, кейбір өнімі  1 ай­­ды ғана құрайтын се­рік­тес­тік­тің өнім­дері дүкен сөре­лерін­де көп тұр­майды. Тауар түсе салы­сы­мен тез таусылуының да осын­дай табиғилық қасиетімен ерек­ше­ленуінде болса керек.  Ал құрты­ның дәмі тіл үйіреді. Сүт өнімдері бөлімі  дирек­торының міндетін атқарушы, технолог Әлібек Бахадырұлы серіктестіктің сүт өнімдерін шы­ғаруды қолға алғанына 3 жыл, ал құртты өндіре бастағанына 2 жыл болғанын айтады. Апта­сы­на 2 тонна құрт өндіретін фа­б­риканың тауарына сұраныс көп. Әзірге Түркістан, Қызылорда облысы мен Шымкент қаласын ғана қамтып отыр. Одан әрі шы­ғаруға өндіріс орнының қуаты жеткенімен, шикізат тапшы.  Еске сала кетейік, «Бөрте Милка» сүт-тауарлық фермасы өндірісті модернизациялау шеңберінде швед технологиясымен тәулігіне 8 тонна сүт өндіреді. Мұндағы 400-ден аса сауын сиыр роботтардың көмегімен сауылады. Бір ірі қара бір күнде 30-32 литр сүт береді. Ал өнімдер осы фермадан алынды. Әлібек Бахадырұлы  алдағы уа­қытта зауытқа голландиялық тех­нологияны енгізу арқылы өнім­ділікті одан әрі көбейту көзделіп отырғанын атап өтті.
Компанияның әзірге өз дис­трибъютері жоқ. «Мұзбел» ком­паниясымен келісімшартқа отырған. Маркетинг жұмыстары­мен аталған компания айналы­са­ды.  «Біз құртты қазақы дәстүр бойын­ша технологиясын өзгерт­пей дайын­даймыз. Сүттің қай­мағын алмай, майлы құрт өндіре­тін­діктен технологиясы да өте оңай. Сүттен ірімшік жасап, оның майын алып жатпай бірден құрт иленеді. Құртты арнайы аппарат арқылы қалыпқа құйып, одан соң кептіреміз», – дейді технолог.
Міне, бүгінде ұлттық құндылы­ғымыз техника тіліне жұтылып кет­пей, өз құнын жоймай, осы­лай­­ша тұтынушыға ұсынылып жат­қа­нына қуаныштымыз. Ал сіз бір құрт­тың құра­мында көздің көруін жақ­сартатын А дәрумені, иммунитетті жақсартатын С дәру­мені, сүйектің қатаюына кө­­мек­­тесетін Д дәрумені, кальций, мыс, мырыш, күміс, темір, крем­­ний, магний, кальций, алюми­ний ми­­кроэлементтері бар екенін білесіз бе?  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы