Жасөспірімдердің қаза болуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мәліметке сәйкес, қайғылы оқиғалар әртүрлі күнде болған.
Алдын ала деректер бойынша, қаза тапқандар – бір жігіт пен бір қыз. Олар бір-бірімен қарым-қатынаста болған, алайда өткен аптада ажырасқан. Қарым-қатынас үзілгеннен кейін жас жігіт өз-өзіне қол жұмсаған. Бірнеше күннен соң осындай әрекетке қыз да барған.
"Оқиғаның мән-жайы мен себебі тергеу барысында анықталады", – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті.