Астананың іргесіндегі қалада ер адам әйелін де, екі жасар сәбиін де сабаған

Оқиға орнына жеткен учаскелік инспектор ер адамға әйеліне жоламау туралы қорғау нұсқамасын рәсімдеген.

Ақмола облысындағы Қосшы қаласында көпбалалы әке азаматтық некедегі әйелін және кішкентай қызын соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға орнына жеткен учаскелік инспектор ер адамға әйеліне жоламау туралы қорғау нұсқамасын рәсімдеген.

Полицияның мәліметінше, оқиға 2025 жылдың қазан айында болған.

 Учаскелік инспектор тексеру барысында әйелдің ғана емес, оның екі жасар қызының да зорлық-зомбылық көргенін анықтады. Осыған байланысты ер адамға жәбірленушілерге жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы берілді. Қылмыстық іс тіркеліп, тергеліп, сотқа жолданды,  делінген полиция хабарламасында.

Сот шешімімен ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.