БАӘ жүрген отандастарымыз елге қайтты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2020 жылы 20-21 наурызда ҚР Дубайдағы Бас консулдығының (БАӘ) дипломаттары біздің азаматтарымызды отанына қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында туристтерімізді Дубай - Алматы (2 рейс) және Дубай - Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша рейстерге отырғызуды жүзеге асырды. Аталған рейстерге дипломаттардың күшімен ел аумағында жүрген қосымша жолаушылар қосылғанын атап өтеміз. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша біздің 463 азаматымыз елге оралды. Бас консулдық қалған отандастармен тұрақты байланыста және оларға қажетті көмек көрсетуде", – делінген хабарламада.