Алматы қаласының криминалдық полициясы дене күшін қолдану арқылы жасалған қарақшылық шабуылды ашты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде болған. Белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасап, оған дене жарақатын келтіріп, алтын әшекейін ашық түрде тартып алған, кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді.