Кезектегі келеңсіздік

Қызылордада бір топ ана кезек реттілігімен берілуге тиіс үйлерін ала алмай жүргенін айтып, мұңын шақты. Бұл жағдайды газетіміздің өткен санында «Аналардың жанайқайы» деп жариялаған болатынбыз. Соған орай ізін-шала Отбасы банктен жауап келді.

Аталмыш мәселеге орай ашын­­­ған ақжаулықтылар көп жыл­­дан бері тұрғын үй кезегіне тір­­келгенімен үй алуға мүмкіндік жа­салмай тұрғанын қынжылыспен жет­кізген еді. Аналардың жанай­қайын Қызылорда қаласы әкім­ді­гі­нен сұрағанымызда, тұрғын үй ке­зегіне қатысты функция әкімдік құзырынан алынып тасталғанын мә­лімдей келе, бұл мәселеге От­ба­сы банк тікелей жауапты екенін жет­кізген болатын. Өз кезегінде банк тарапынан тұрғын үйге тір­кел­ген азаматтардың тізімі 2025 жыл­дың тамыз айында Отбасы бан­­­­кінің құзырына толықтай бе­ріл­генін мәлімдеді. Бүгінде банкке тап­сырылған тізімде 642 мың аза­мат тұр. Нақты кезеңде әрбір аза­мат­тың жеке деректерінің, байла­ныс нөмірлерінің, тұрақты ме­­кен­жай­ларының уақыт өте келе өзгеруі ық­тималдығына байланысты тү­ген­деу жұмыстары бастау алған. Нәти­жесінде, кейбір азаматтың тұрғын үй кезегіне үйленбей тұ­рып тіркеліп, қазіргі уақытта көп­балалы отбасы атанғаны, сондай-ақ бірнеше үйі бола тұра кезекте тұру жағдайларына қатысты ке­лең­­сіздіктер түгендеу бары­сын­да анық­талғанын алға тартады. Яғни, бір­қатар өзгерістер мем­ле­кеттік де­рекқорда уақытылы жаңар­­тыл­маған.

«Бүгінде 244 мың азамат түген­деу­ден сәтті өтті. Ал 55 мың аза­мат­тың меншігінде тұрғын үй бар еке­ні белгілі болып, олар түген­деу­ден өте алмады. Қазақстан Рес­­­публикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, меншігінде тұрғын үйі бар азаматтар тұрғын үй кезегінде тұра алмайды. Нақты уақытта түгендеу жұмыстары бел ор­тасына жеткенімен, Отбасы бан­кі кезекті толық, әрі әділ рет­теу мақсатында бұл жұмыстарды жал­ғастырып жатыр», – делінген банктің жазбаша жауабында.

Банктің мәлімдеуінше, қазір Қы­зылорда облысы бойынша үй ке­зегінде 58 155 азамат тіркелсе, оның 10 688-і көпбалалы отбасыға тиесілі. Тұрғын үй кезегі Отбасы бан­кінің құзырына өткеннен бері 834 азамат жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіліпті. Банк тарапынан мәселе көтерген азаматтар бұған дейін де Отбасы банкінің бөлімшелеріне жүгінген айта келе, наразы топқа тұрғын үйді бөлу тәртібі, отбасы құрамына қатысты талаптар жөнінде толық ақпарат берілгенін алға тартады.

Сонымен қатар әкімдіктермен бір­лескен кездесулер барысында да Отбасы банкінің өкілдері тара­пынан түсіндіру жұмыстары жүр­гізіліп келеді. Сол сияқты От­басы банкінің Орталық аппа­ра­тын­дағы Тұрғын үймен қамту ор­талығының мамандары ZOOM платформасы арқылы қосымша т­ү­сіндіру жұмыстарын өткізуді жүйе­лі түрде жолға қойған. Осы орайда кезекте 10–15 жылдан бері тұрған азаматтар да бар екенін жет­кізді. Соған сәйкес, тұрғын үй кезегі тіркелген жылына қарай кезең-кезеңімен жылжиды әрі әкімдік тарапынан тұрғын үйлер дайын болған сәттен бастап, Отбасы банк оларды бөлумен шұ­ғыл түрде айналысатынын баян­дай­ды.

Осы орайда шағымданушы топ­тың «кезектен алып тасталуы мүм­кін» деген алаңдаушылығына бай­ланысты банк ке­зекте тұрған аза­маттардың негізсіз ке­зектен алы­нып тасталмайты­нын, кері­сін­ше, әрбір азаматтың тұр­ғын үй­мен қамтылуы үшін жан-жақты жұ­мыстар атқарылып жат­қанын ресми түрде мәлімдеп отыр. Осыған байланысты азамат­тар­ды тек ресми ақпарат көздеріне сүйе­нуге шақырады.

Осы орайда айта кету керек, жуыр­да кезекте тұрған азаматтар үшін әлеуметтік желіде orken_otbasybank.kz парақшасы ашылған. Парақшада жалға берілетін тұрғын үйлерге қатысты ақпарат тұрақты түрде жарияланып отырады. Со­ны­мен қатар «orken_otbasybank.kz – Әділ кезек» Telegram арнасында жал­дамалы тұрғын үй алған аза­мат­тар туралы толық ақпарат алу­ға да мүмкіндік қарастырылған. 

– Отбасы банк әкімдік тара­пы­нан тұрғын үйлер дайын болған сәттен бастап, оларды кезекте тұр­ған азаматтар арасында бөлуді жү­зеге асырады. Бұл тұрғыда бар­лық үдерістер заңнама талап­та­ры­на сәйкес жүргізіледі және кезекте тұрған азаматтарға толық түсіндіру жұмыстары қамтамасыз етілген. Яғ­ни, тұрғын үй кезек тәртібіне сәй­кес, кезегі келген азаматқа бе­рі­леді. Келесі жалға берілетін үй ақ­пан айына жоспарланып отыр», – дейді банк өкілдері.

Жалпы, «Отбасы банк» барлық жұ­мыстардың «Тұрғын үй қаты­нас­тары туралы» Қазақстан Рес­пуб­­ликасының заңына сәйкес жү­зеге асырылып жатқанына тоқ­­­­талып өтті. Өз кезегінде банк тара­пынан ақпараттандыру және түсін­діру жұмыстары толық көлемде жүргізілді жатқанын, бұл жұмыс­тар алдағы уақытта да жалғаса­ты­нын мәлімдеп отыр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы