«Күйеуім де, қайын атам да қарап тұрды»: блогер Сабина Мовлаева енесінен көрген қорлығы жайлы айтты

Блогердің айтуынша, бұрынғы қайын енесі қол көтеріп, қорлық көрсеткен сәтте күйеуі мен қайын атасы оқиғаға араласпай, үнсіз бақылап тұрған.

Танымал блогер әрі әнші Сабина Мовлаева бұрынғы енесінің тарапынан зорлық-зомбылық көргенін ашық айтып, жеке өміріндегі ауыр кезеңдерді сөз етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Блогердің айтуынша, бұрынғы қайын енесі қол көтеріп, қорлық көрсеткен сәтте күйеуі мен қайын атасы оқиғаға араласпай, үнсіз бақылап тұрған.

«Енем ұрып, ауыр сөздер айтып жатқанда күйеуім де, қайын атам да қарап тұрды. Ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Күйеуім маған араласса, анасынан сөз еститінін білді, ал қайын атам мүлдем тіл қатпады», – деді Сабина Мовлаева.

Әншінің бұл мәлімдемесінен кейін желі қолданушылары оны қолдап, пікір қалдырды. Көпшілік әйелге қол көтеруді айыптап, мұндай жағдайға жол бермеу керегін атап өтті.

«Біреудің қызын ұратын адамдар бар, өкінішке қарай, ондай енелер де кездеседі. Бұл жағдайды бастан өткермеген адам оңай пікір жазады», «Қорғайтын күйеуі қайда болған? Мұндай ата-енеден Құдай сақтасын», «Сабинаға қарсы жазылған негатив – көреалмаушылық», – деп жазды желі қолданушылары.