Парижде өтетін Үлкен дулыға додасына баратын қазақ дзюдошылары белгілі болды

7-8 ақпан күндері Франция астанасында дзюдодан Париж Grand Slam санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді.

Парижде өтетін дзюдодан Үлкен дулыға турниріне қатысатын қазақстандық балуандардың тізімі белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

7-8 ақпан күндері Франция астанасында дзюдодан Париж Grand Slam санатындағы 2026 жылдың алғашқы жарысы өтеді.

Аталған бәсекеге қазірдің өзінде 82 елден 530 спортшы тіркелген. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл турнирге тек ерлер құрамымен қатысады. Ел намысын қорғайтын дзюдошылар тізімі төмендегідей:

Ерлер:

60 келі: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев

73 келі: Есет Қуанов, Дастан Шаяхметов

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат

90 келі: Айдар Арапов

100 келі: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан

+100 келі: Ғалымжан Қырықбай

Айта кетейік, Париждегі жарысқа Қазақстанның әйелдер құрамасы қатыспайды. Ал келесі Үлкен дулыға турнирі ақпан айының соңында Ташкент қаласында өтеді.