Елена Рыбакина WTA турындағы соңғы 21 матчтың 20-сында жеңіске жетіп, қатарынан екінші ірі турнирде топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Осылайша, қазақстандық теннисшінің WTA аясындағы жалпы титулдар саны 12-ге жетті.
Айта кетейік, Арина Соболенко Australian Open турниріне дейін 11 матч қатарынан жеңіске жеткен сериямен келген. Бұған дейін беларусь спортшысы Брисбенде өткен турнирде чемпион атанған еді. Ал оның соңғы жеңілісі дәл осы финалда Рыбакинадан болған.
Мельбурндегі финал екі теннисші арасындағы 15-ші кездесу болды. Жеке кездесулердегі жалпы есеп әзірге 8:7 есебімен Соболенконың пайдасында.
Australian Open финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемнің үшінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.