Бүгін Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл — қазақстандық теннисшінің мансабындағы 12-титулы және «Үлкен дулыға» жарыстарындағы екінші жеңісі. Aikyn.kz спортшының бүгінгі күнге дейінгі барлық чемпиондық атақтары жайлы тоқталып өтеді.
Үлкен дулыға турнирлері
Wimbledon — 2022
Лондонда (Ұлыбритания) өтетін көгалдағы ең көне теннис турнирі. Рыбакина бұл жарыста алғаш рет «Үлкен дулыға» чемпионы атанды.
Australian Open — 2026
Мельбурнде (Аустралия) өтетін маусымның алғашқы Grand Slam турнирі. Бұл жеңіс — оның мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» атағы.
WTA Finals
Эр-Рияд — 2025
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен маусым қорытындысы турнирі. Жыл бойы ең үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар ғана қатысады.
WTA 1000
Индиан-Уэллс — 2023
АҚШ-та өтетін ең беделді WTA 1000 турнирлерінің бірі. Көбіне «бейресми бесінші Grand Slam» деп аталады.
Рим — 2023
Италия астанасында өтетін топырақтағы ірі турнир. Ролан Гаррос алдындағы басты дайындық жарыстарының бірі.
WTA 500
Нинбо — 2025
Қытайдың Нинбо қаласында өткен жабық корттағы турнир. Азия сериясындағы маңызды жарыстардың бірі.
Страсбург — 2025
Францияда өтетін топырақтағы турнир. Әдетте Ролан Гаррос қарсаңында ұйымдастырылады.
Брисбен — 2024
Аустралияның Брисбен қаласында өтетін маусым басындағы турнир. Australian Open алдындағы дайындық кезеңінің бір бөлігі.
Абу-Даби — 2024
БАӘ астанасында өтетін турнир. Қысқы сериядағы беделді жарыстардың қатарында.
Штутгарт — 2024
Германияда өтетін жабық залдағы топырақ турнирі. Маусымның алғашқы топырақ кезеңін ашады.
WTA 250
Бухарест — 2019
Румыния астанасында өткен турнир. Рыбакинаның WTA деңгейіндегі алғашқы чемпиондық атағы.
Хобарт — 2020
Аустралияның Хобарт қаласында өткен турнир. Australian Open алдындағы дайындық жарысы ретінде белгілі.