«Бір жарым миллиард теңге»: Рыбакинаның Australian Open-тегі жеңісі қанша табыс әкелді?

Турнир жолында Рыбакина бірқатар мықты қарсыластарын артта қалдырды

Елена Рыбакина Australian Open–2026 турниріндегі жеңісі үшін 2 793 365 АҚШ долларын (шамамен 1 404 600 000 теңге) және 2000 рейтингтік ұпай иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстандық теннисші Мельбурндегі финалда әлемнің бірінші ракеткасы — Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, маусымдағы ең ірі титулдардың бірін еншіледі. Ал финалист Соболенко 1 447 165 доллар және 1300 ұпай алды.

Турнир жолында Рыбакина бірқатар мықты қарсыластарын артта қалдырды, оның ішінде Ига Швёнтек пен Джессика Пегуланы да жеңіп, чемпиондыққа сенімді түрде жетті.