Алматының Қайрат клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин командаға атақты ардагер футболшыларды шақыру жоспарда жоқ екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Оның сөзінше, клуб қазір өзге бағытты ұстанып отыр.
«Бұрын біз де жұлдызды ойыншыларды алдық. Андрей Аршавин, Анатолий Тимощук, Вагнер Лав сияқты футболшылар “Қайратта” ойнады. Қазір бұл кезеңнен өттік. Трансферлік саясатты өзгертіп, басқа стратегияны таңдадық. Сондықтан атышулы ауыс-түйістер болмайды», — деді бапкер Сhampionat сайтының тілшісіне.
Еске салсақ, Андрей Аршавин алматылық клубта 2016–2019 жылдары, Анатолий Тимощук 2015–2017 жылдары өнер көрсетті. Екеуі де мансабын Қазақстанда аяқтады. Ал Вагнер Лав «Қайрат» сапында 2020–2022 жылдары ойнап, кейін Еуропаға ауысты. Қазір 41 жастағы шабуылшы Бразилияда Ретро клубында доп тебіп жүр.