Владимир Зеленский соғысты аяқтау жөніндегі келіссөздерде аумаққа қатысты ең күрделі мәселелерді Ресей басшысымен тікелей жүздеспей шешу мүмкін емес екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Украина президенті бұл туралы Český rozhlas Plus радиосына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Киев Ресей және АҚШ өкілдерімен кез келген форматта кездесуге дайын. Ал Еуропа елдері келіссөздерге кейінгі кезеңдерде қосыла алады.
Зеленский аумаққа байланысты түйткілдер бейбіт жоспардағы ең ауыр тармақтар екенін атап өтті.
«Мұндай мәселелерді делегациялар деңгейінде шешу қиын. Ресей басшысымен тікелей байланыссыз келісімге келу мүмкін болмайды», — деді ол.